Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қайтыс болды

Азамат Ахметов

Кеше түнде сағат 23:30-да Алматыдағы әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болып, салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Qonaev.info.

Chevrolet cobalt маркалы автокөлік даңғылмен шығыс бағытта келе жатып, рөлді басқара алмай қарсы бағытқа шыққан. Сөйтіп, Tesla маркалы көлігін сырғып өтеді.

Ал сол сәтте Toyota Camry және Toyota Tundra көліктері де жүйткіп келе жатқан.

Жүргізушілер барынша маневр жасап, соқтығыспаудың амалын жасағандарымен, бірақ ірі жол апаты орын алды.

Алдымен, Camry жолдан шығып кетіп, арыққа құлады.

Ал Toyota Tundra джипі Chevrolet-пен соқтығысты. Chevrolet көлігінің жүргізушісі мен оның 19 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Олар салонда қысылып қалған.

Апат орнына құтқарушылар мен дәрігерлер келген, алайда жігіттер жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сараптамалар тағайындалды.

Сізге қызықты болады