Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«20 мың доллар пара алған»: Қорғаныс министрлігінің қызметкері күдікке ілінді

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Қорғаныс министрлігінің департамент басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Антикор Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының м.у.а. бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұзып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке ілініп отыр», - делінген хабарламада.

Сізге қызықты болады