Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматыда жаңа туған сәбиден жарты келілік ісік алынды

Азамат Ахметов

Алматыда Педиатрия орталығының дәрігерлері жаңа туған нәрестедегі туа біткен бауыр гемангиомасын алып тастау бойынша күрделі ота жасады.

Іш қуысының алып ісігі сәби дүниеге келе салысымын анықталған. Үш күндік нәресте дереу арада 3 ақпан күні перзентханадан Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді.  

"Нәрестеге бес күн бойы консервативтік ем жүргізілді. Іш қуысының ісігі өте үлкен болуына байланысты және ісік ішкі органдарды қысып тастағандықтан сәби жасанды өкпе аппаратында болды. Өйткені, ірі көлемдегі ісік баланың демалуына қиындық туғызды. Аз уақыттың ішінде іштің көлемі 38 см-ден 44 см-ге дейін өсті. Осы жағдайларды на ескере отырып, орталық мамандары шұғыл түрде операция жасауға шешім қабылдады. Күрделі ота 8 ақпан күні жасалды",- дейді орталық мамандары.    
500 грамдық ісікті дәрігерлер 4 сағаттың ішінде алып тастаған. Күрделі ота сәтті өткен. Кішкентай пациент отадан кейінгі 5-күні реанимация бөлімінен неонатология бөліміне палатаға анасының жанына ауыстырылды.  

"Бұл жағдайдың күрделілігі - көлемі үлкен ісіктің жатыр ішінде қарқынды өсуінде және ісіктің өзін алып тастау кезінде қиындықтар тудыруында болды. Сондай-ақ, ісікте кавернозды қан тамырлар көптігіне байланысты нәрестеде қанның көп кету қаупін туғызды. Комбинирленген отаның арқасында мүмкін болатын қан кету көлемі барынша азайтылды. Алып ісік баланың ішкі құрылыстарын және өкпе аймағын қысып тастаған. Нәрестеден жалпы салмағы жарты келіден асатын ісік алып тасталынды. Қарқынды терапия жұмысының арқасында қазіргі уақытта нәрестенің жағдайы жақсы. Альтамир есімді кішкентай пациентіміз 12 тәулікте аман-есен үйіне шықты", - деді емдеуші дәрігері Қанат Әшірбай.

Сізге қызықты болады