Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қазақстанға заңсыз кірмек болған Тәжікстанның 6 азаматы ұсталды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

ҚР ҰҚК Шекара қызметі жалған құжатпен өтпек болған шетелдіктерді ұстады, деп хабарлайды Qonaev.info.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, шетел азаматтарының жалған құжаттарды пайдалану деректерін анықтау жұмысы жалғасып жатыр.

«2023 жылғы 22 ақпанда Алматы қаласының халықаралық әуежайында және Павлодар облысы «Шарбақты» өткізу пунктінде Тәжікстан Республикасының 6 азаматы ұсталды.

Төлқұжаттық бақылауды іске асыру барысында аталған азаматтардан ҚР аумағында уақытша болуға рұқсат беру туралы жалған анықтамалар және Шекара қызметінің шекарадан өтті деген жалған мөртабан басылған төлқұжаттары анықталды», - делінген хабарламада.

Аталған азаматтарға қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. 

Сізге қызықты болады