Музейде құны 125 млн теңге болатын Елбасы триптихі де бар
Астанадағы Ұлттық музей ғимаратының кіреберіс залында тұрған Нұрсұлтан Назарбаев ескерткіші алынып тасталды. Бұл туралы журналист Серік Абас-Шах өзінің Facebook-парақшасында жазды.
Журналист жариялаған фотосуреттерден Елбасы ескерткішінің орнынан алынғаны және өзге бөлмеде тұрғанын байқауға болады. Музей басшылығы бұл жайтқа қатысты әлі пікір білдірген жоқ.
Айта кетейік, Ұлттық музейде Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған экспонаттар бөлмесі бар. Оның тағдыры не болары да белгісіз. Сонымен қатар, музейге кіргенде келушілерді Назарбаев бейнеленген алып триптих қарсы алады.