СҚО-да жыртқыштың бірде-бір тұқымы қалмаған
Қазақстанда қасқыр атаулы жойылып кетудің сәл-ақ алдында тұр. Бұл туралы экобелсенді Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook-парақшасында жазды.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда небәрі 14 408 қасқыр ғана қалған. Жыртқыштың жойылып кетуі табиғи апатқа алып келуі мүмкін.
«Еліміздің 5 облысында аталған жыртқыштың санын қадағалауға тыйым салынған. Ал, Солтүстік Қазақстан облысында қасқыр мүлдем жоқ. Егер олар жойылып кетсе табиғи баланс бұзылады. Мұндайға жол бермеуіміз керек», - деп жазды Сәкен Ділдахмет.