Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Владимир Галамазян ұсталды деп жазды журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында. Бұл ақпаратты Антикор да растап отыр.
Галамазян агроөнеркәсіп кешенін дамытуға деп бөлінген 980 миллион теңгені қалтасына басқан деп айыпталуда.
Сонымен қатар, Антикор Жамбыл облысы бойынша Ауыл шаруашылығы басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев пен Маңғыстау облысық АШБ басшысының орынбасарын қолға түсірген. Олардың бәрі де субсидияға бөлінген қаражатқа қол салған.