Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұловтың айтуынша, «Қаңтар оқиғасы» кезінде еліміздегі бай-бағландар шетелге қашып, өздерімен ірі көлемде ақша алып кеткен. Мұндай пікірін ол бүгінгі Мәжіліс отырыснда айтып, офшордағы ақшаны елге қайтару мәселесін көтерді.
Депутаттың сөзіне сенсек, соңғы 25 жылда қазақстандық олигархтар офшорға 160 млрд доллар шығарып үлгерген. Алайда, ол бірде-бір олигархтың атын атап, түсін түстеген жоқ.
«Соңғы 5 жылда құқық қорғау органдары шетелге қаражатты заңсыз шығару бойынша 200-ден астам қылмыстық іс қозғаған. Алайда, олардың бірде-бірі туралы нақты ақпарат жоқ, елге шетелдегі ақшаның қайтқаны туралы да мәлімет жоқ», - деді ол Мәжіліс отырысында.