Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Кенесарының басы Омбы қаласындағы музейден табылды – БАҚ

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Владимир Путин оны Қазақстанға қайтаруға уәде берген еді

Қазақстандық Orda.kz порталының жазуынша, қазақтың соңғы ханы Кенесарының басы Омбы қаласындағы музейлердің бірінен табылған. Бұл туралы аталған БАҚ тілшісіне үш бірдей сенімді дереккөз хабарлаған.

Бас сүйектің расымен де Кенесарыға тиесілі екенін құжаттар, атап айтқанда экспонаттың төлқұжаты растап отыр. Онда экспонаттың шығу тарихы, қайдан және қандай жағдайда табылғаны, кімге тиесілі екені, сыртқы түрі мен мөлшері жазылған. Алайда жәдігерді толыққанды растау үшін кейбір құжаттар жеткіліксіз, сондықтан генетикалық сараптама қажет. Ол аяқталғаннан кейін, зерттеу жұмыстары оң нәтиже берсе, бұл жаңалық ресми түрде жарияланады.

Кенесары ханның бас сүйегі бірнеше ондаған жылдар бойы көптеген қоғамдық ұйымдардың өтініші бойынша ізделді. Мамандар оны негізінен Санкт-Петербор қаласында деп болжады. Өйткені аңыз бойынша революциядан кейін қазақ ханының басы сол жаққа көшірілген-мыс. Алайда, жалған жорамал нәтиже бермеген. Дереккөздер экспонаттың Омбыдан ешқайда көшірілмегеніне сенімді.

Кенесары – Қазақ хандығының соңғы ханы, Абылай ханның немересі. Ол XIX ғасырда Патша үкіметіне қарсы он жыл бойы ұлт азаттық қозғалысын жүргізген.

Сізге қызықты болады