Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Махаббат жеңеді»: Алматыда белгісіз біреулер Жириновский мен Ахметовті сүйістірді

Азамат Ахметов

Қалада жаңа плакат пайда болды

Алматыдағы Достық көшесіне белгісіз біреулер белсенді Қуат Ахметов пен ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийдің сүйісіп тұрған плакатын іліп кетті. Плакатта «Соғыспен емес, махаббатпен айналысыңдар» деген жазу бар.

Айта кетейік, павлодарлық Қуат Ахметов бұған дейін қаладағы дәмханаларға кіріп, өзіне қазақ тілінде қызмет көрсетуін талап етіп танымал болған. Артынша Ресей билігі оның РФ аумағына кіруіне тыйым салды. Ал, Владимир Жириновский Қазақстанда орыстілді азаматтардың құқығы тапталып жатқанын айтып мәлімдеме жасаған.

Осы оқиғадан кейін ҚР Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Дәурен Абаев та мәлімдеме жасады. Ол елімізде орыс тілін түсініп, сөйлейтіндердің үлесі 90% пайыз екенін, орыс тіліне ешқандай да шеттету болмағанын айтты. Сондай-ақ, Абаев қазақ тілінде қызмет талап еткен белсенділерді «үңгір белсенділері» деп атап, бұл теңеу әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын тудырды.

Еске салайық, осыдан бірнеше жыл бұрын Алматыда Құрманғазы мен Пушкиннің «сүйіскен» суреті пайда болып, ол қазақ қоғамының наразылығын тудырған еді. Ол кезде қоғамда орыстілділер емес, ЛГБТ өкілдеріне қатысты талқылаулар болып жатқан.

Сізге қызықты болады