Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алатау ауданы әкімін табалай кеткен қоғамды түсінбедім – блогер Мақсат Жақау

Азамат Ахметов

Әкімдік ғимаратында күзетші журналист қызды далаға көтеріп шығарып тастаған

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің күзетшісі «Хабар 24» журналисін ғимараттан шығарып жібергені әлеуметтік желіде әлі де талқыланып жатыр. Әрине қоғам болған соң пікір әртүрлі. Осыған орай оқырмандарымызды елге белгілі блогер Мақсат Жақаудың Facebook-тағы осы мәселеге қатысты жазбасымен таныстырсақ.

Матқсат Жақау күзетші мен журналист арасындағы болған кикілжіңді бүгінгі «Красавица и чудовище» ертегісі іспеттес екенін атап өтті. Жалпы блогер оқиға тараптарының әрекетін сараптап, кім болса да мәдениет пен тәртіптен аттамауларын ескертті.

«Журналистердің әкімдіктегі қылығы маған ерсі көрінді, және кәсібисіздік, жөнсіз дауыс шығарып байбалам салуы қарабайыр деңгейін көрсеткендей. Мейлі, оның бұл әрекетіне әріптестері бағасын бере жатар, ал журналистің әрекетіне күш қолданып, жұлқи көтеріп шығарып салған күзетшінің жауабы да апама жездем сай болып тұр. Енді күзетшілікте қайдан аса мәдениетті кәсіби адам жүруші еді. Ілу де біреуі арасында сауатты, кешегі дұрыс еңбек тәжірибесі бар ағайын жүргені болмаса, көбісі жүрдім-бардым күнін әйтеуір жалғап жүргендер. Бір кемшілігі, күзетші болса да өзінің дамуымен көбісі айналыспайды. Бір сөзбен айтқанда, екі жақта қуды бұл оқиғада...», – деп ойымен бөлісті блогер.

Алайда блогер аудан әкімінің не себепті талқыланып кеткенін түсінбегенін жеткізді.

«Тек осы театрдың айналасында қараптан қарап, білдей Алатау ауданының әкімін табалай кеткен қоғамды түк түсінбедім. Оның жазығы не? Оның қызметіне бізден бұрын жергілікті ауданның тұрғындары баяғыда оң бағасын беріп қойған. Әрине, бұл оқиғадан жас әкімнің абыройына келіп-кетер зияны жоқ. Алдағы уақытта кадрларды, күзетті өзі де дұрыс қарайтынына сенімдіміз», – деп сөз тарқатты Жақау.

Айта кетейік, «Хабар 24» журналисі Алматыда аудан әкімдігі ғимаратынан күштеп шығарылғаны хабарланған болатын. Оқиғаның видеосын тілші Facebook-парақшасында жариялады. Өз кезегінде аудан әкімдігі тілшінің ғимаратқа рұқсатсыз турникет астынан өткені бейнеленген видеоны жария етті.

Сізге қызықты болады