Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Мамайдың барлық дәлелі – макулатура»: Ташенова мен блогерлер жұртшылықтың алдында сот материалдарын талқылады

Азамат Ахметов
Айжан Ташенова

Жанболат Мамай Бауыржан Байбекке сот шығынын қайтарды

Бүгін Бауыржан Байбектің заңгері Айжан Ташенова мен бірқатар елге танымал блогерлер Ж.Мамайдың ісі бойынша сот материалдарын талқылады. Қоғамдық пікір көшбасшылары мен заңгер тікелей эфир барысында Мамайдың сотқа ұсынған 2 мың беттік дәлел деп атаған материалдарының негізсіздігіне көз жеткізді.

«Бүгін «тікелей эфир» барысында танымал блогерлермен бірге Мамай сотқа ұсынған барлық 2 мың беттік (!) дәлелсымақтарының дәлелсіздігіне тағы бір рет жария түрде көз жеткіздік. Менің әлеуметтік желілер арқылы жасалған шақыруыма қарамастан, Мамай да, Иманбаева да, олардың заңгерлері де, олардың «құтқару таяқшасы» іспеттес Базарбек те тікелей сөйлесуден тағы да қашып, сол беттерімен «тікелей эфирімізге» қатысқан жоқ. Яғни, олар өз дәлелдемелеріне сенбей, оларды ашық талқылаудан өздері бас тартты, дәлелдері көк тиын екенін және бұл шын мәнінде макулатура екенін түсінді», - деп жазды Ташенова.

Оның айтуынша, Мамай мен Иманбаева 27 тамызда, шоттарына тыйым салынғаннан кейінгі екінші күні 876 402 теңге көлеміндегі сот шығындарын дереу өтеген.

«Яғни, сот шешімін орындамайтыны туралы мәлімдемелері мен қитұрқы әрекеттеріне қарамастан, Мамай мен Иманбаева шешімді мәжбүрлі түрде асығыс орындады. Сонымен, демалыс күндері олардың шоттарынан алынған қаражат сот орындаушысының депозитінде болды. Ал бүгін, бірінші жұмыс күні Б.Байбектің өтініші бойынша қаражат аутизмі бар балаларға жәрдем үшін «Болашақ» корпоративтік қорына аударылды. Осылайша, Мамай мен Иманбаева өз еркімен емес, мәжбүрлеу арқылы қоғамға қандай да бір пайдалы нәрсе жасай алды», - делінген оның жазбасында.

Бұған қоса заңгер сот шешімінің басқа талаптарына да тоқталды. Еске сала кетейік, сот шешіміне сәйкес, белсенді жалған видеоларын өшіріп, өзі таратқан ақпараттарды теріске шығаруы тиіс.  

«27 тамыздан бастап (шешім заңды күшіне енгеннен кейін 10 күнтізбелік күн) Мамай мен Иманбаеваға әр орындалмаған күн үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (5.834 теңге) өсімпұл есептеледі. Ол мәжбүрлеп алынуы, соның ішінде шотты бұғаттау арқылы өндірілуі мүмкін. 2 ай ішінде орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік (қамауға алу немесе айыппұл) туындайды. 6 айдан астам уақыт орындалмаған жағдайда Қылмыстық кодекс іске қосылады – 800 сағаттық қоғамдық жұмыстар, 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру», - деп қосты заңгер.

Сондай-ақ заңгер Ж.Мамай мен И.Иманбаева сот шешімін толық орындамаса, Алматы қаласының көшелерін сыпыруы мүмкін екенін тілге тиек етті.

Сізге қызықты болады