Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Алдымен лесбилердің мәселесін шешіп ал»: танымал боксшы Серік Сәпиевке үндеу жасады

Азамат Ахметов

Олимпиада чемпионы бірер күн бұрын қызметінен кеткенін мәлімдеген

Бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы, кешеге дейін Спорт комитетін басқарған Серік Сәпиевтің видеосұхбатынан кейін ол әлеуметтік желілерде сынға ұшырады. Ол журналист Динара Сәтжанмен болған әңгімеде ауыратлет Альберт Линдердің өліміне ешкімнің кінәлі емес екенін, ал спорт саласындағы «былық» туралы айтып жүрген спортшылардың сөзін жай «хайп» деді.

«Кейбірі медальдарын қоқысқа тастап, көміп жатты. Бұл қажет емес еді. Линдердің жеке бапкері оны спортқа қайта тартқысы келген, әрекет етті... Себебін білмеймін, бірақ мұны спортпен байланыстырмауды сұраймын», - деді Серік Сәпиев.

Көп ұзамай Сәпиевтің осы сұхбаты әлеуметтік желілерде сынға ұшырады. Танымал боксшы Аида Сатыбалдинова өзінің Instagram-парақшасында: «Сен бокста тәртіп орната алмадың, толықтай бардак, алдымен лесбилердің мәселесін шешіп ал», - деп жазды.

Еске салайық, бұған дейін А.Сатыбалдинова бокстан Қазақстанның қыздар құрамасында лесбилердің көп екенін айтқан еді. Оның сөзінше, бапкерлер мен федерация басшылары боксшы қыздардың тұрмысқа шығып кетпеуі, бала туып алмауы үшін құрама ішінде ЛГБТ идеологиясын жүргізетін көрінеді. Алайда, Сатыбалдинованың бұл мәлімдемесін қыздар құрамасының бас бапкері Шамиль Сафиуллин жоққа шығарды.

Сізге қызықты болады