Алматы облысы Қарасай аудандық соты Болат Назарбаевтың некесін бұзып, оның экс-әйелін «Назарбаева» деген тегінен айырды деп жазады Ratel.kz.
Ақпарат агенттігінің дерегі бойынша, сотқа шағымды Болат Назарбаев түсірген. Сот оның өтінішін қанағаттандырған.
Сондай-ақ, белгілі болғандай, 2021 жылдың 18 наурызында сот Болат Назарбаев пен әйелі Гүлнұр Назарбаеваның ажырасу туралы өтінімін мақұлдаған. Екеуі 2009 жылдың тамыз айында заңды некелескен екен.
Ажырасуға байланысты Болат Назарбаев сотқа тағы арыз жазып, Гүлнар Уахапқызы Назарбаеваны тегінен айыруды сұраған. Осы іске қатысты өткен сотқа Гүлнар Назарбаева қатыспаған.