Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Талдықорғанда Назарбаевтың ескерткішін құлату дерегін арнайы прокурорлар тексеріп жатыр

Азамат Ахметов

Қазақстанда 5-7 қаңтар күндері болған жаппай бүлік кезінде Талдықорғанда ондаған адам Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатқан болатын. Қазір осы жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Істі арнайы прокурорлар тобы тергеп жатыр деп хабарлайды KazTAG.

Бұл ақпаратты агенттікке сенімді дереккөздер жеткізген.

Айта кетейік, күні кеше әлеуметтік желілерде аталған іске қатысты Азамат Келібаев есімді тұрғынның ұсталғаны жазылды. Ол өз КамАЗ көлігіне ескерткішті байлап, сүйреп құлатқан көрінеді. Сондай-ақ, онымен бірге тағы 16 адамның болғаны да айтылған.

Әзірге Назарбаевтың ескерткішін қайта қалпына келтіру мәселесі көтерілмеді.

Сізге қызықты болады