Түркістан облысында қора өртеніп, мыңнан астам қой мен шопан тірідей жанып кетті. Оқыс оқиға Бәйдібек ауданының Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде таңға жуық орын алған. Шаруа қожалығының аумағында екі қабатты ғимарат өртеніп кеткен.
«Ғимараттың бірінші қабатында мал, ал екінші қабатында шөп тұрған. Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасындағы қашықтық 40 шақырымды құрайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жетті», - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кетті. Оқиға орнынан қойшының денесі табылды.
Өрт сағат 9.37-де оқшауланып, сағат 10.23-те сөндірілді. Шығын көлемі анықталуда. Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖ департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.