Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Әймен ауылындағы орта мектепте іс-шара ұйымдастратын қызметкер бастауыш сынып оқушылары алдында стриптиз билеген. Оны тоқтатудың орнына сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірі онымен қосыла билеген деп жазады Azattyq Ruhy порталы.
Оқиға 28 қаңтар күні Жаңа жыл мерекесі қарсаңында болыпты. Эротикалық бидің видеосы әлеуметтік желілерге тарап кеткеннен кейін аудандық білім бөлімі мектеп директоры мен сынып жетекшісін қызметінен қуыпты. Алайда, арада санаулы күн өткеннен кейін бастауыш сынып мұғалімі қызметіне қайта келіп алған. Ал, директор басқа жұмыс іздеп жүрген көрінеді.
Қазіргі таңда ауылдағы ата-аналар директор Мақсат Жайлыбайды кері қайтарту үшін аудандық білім бөлімінің табалдырығын тоздырып жүр. Жүзден астам адам арыз жазып, «ақыры дегенімізге жетеміз» дейді. Айтуларынша, директордың бұл жайтқа еш қатысы жоқ. Оқиға болған кезде мектеп басшысы сыныптардың бірінде сабақ өтіп жатқан.