Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам қайтыс болды

Азамат Ахметов
Фото: Instagram/@oo_osa_semey_vko

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында қайғылы жол апатынан 5 адам қаза тапты.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 22 мамыр күні сағат 07:40 шамасында республикалық маңызы бар «Алматы – Өскемен» тасжолының Жарма ауданы Қалбатау ауылының тұсындағы 959 шақырамында болған.

«Nissan Cefiro» маркалы автокөліктің 36 жастағы жүргізушісі жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып, алдында келе жатқан «Беларусь 82.1» маркалы трактор тіркемесінің артына соғылған. Соның салдарынан жеңіл көліктің 36 жастағы жүргізушісі мен 4 жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті» – делінген хабарламада.

Жол апатынан зардап шеккен тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сізге қызықты болады