Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Екібастұзда 5 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Екібастұзда 5 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Qonaev.info.

Оқиға 24 мамыр күні сағат 13.45-те Абай көшесінде болған.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2017 жылы туған кішкентай бала 4 қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен. Жарақат алған ұл бала ауруханаға жатқызылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында баланың жағдайы тұрақты ауыр екенін хабарлады.

«Операциядан кейінгі кезең бірқалыпты өтуде. Көкбауырын алып тастады. Есін біледі», - деді басқармада. 

Бала Екібастұз қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде ем алуды жалғастырады.

Сізге қызықты болады