Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ақмола облысында екі бала суға батып кетті

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

«15 маусымда Астрахан АПБ кезекші бөліміне сағат 18.23-те учаскелік полиция инспекторынан Первомайка ауылының маңында Есіл өзенінің жағасында 6 және 9 жастағы екі ұл бала суға батып кеткені туралы телефон хабарлама келіп түсті», - делінген полиция хабарламасында.

Анықталғандай, велосипед мінген үш бала ересектерсіз өзен жағасына жүзуге келген.

Қайғылы жағдай туралы үлкендерді көмекке шақырған 8 жастағы үшінші бала хабарлаған.

Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сізге қызықты болады