Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алакөл маңындағы тасжолда көлік апаты болып, екі адам ажал құшты

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Жетісу облысында жол-көлік апаты болып, екі адам қаза тапты. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qonaev.info. 

Обылстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 19 маусымда Алакөл ауданына қарасты Ақтүбек ауылының маңында болған.

«Бескөл-Жайпақ жолының 15-шақырымында Toyota Avensis көлігінің 26 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен. Соның салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында мерт болды», - делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ көлікте болған 28 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен Үшаралдағы аудандық ауруханаға жеткізілген.

«Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сізге қызықты болады