Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ақтөбе облысында ер адам досын өлтіріп, денесін өзен жағасына апарып тастаған

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Ойық өзенінің жағасынан жоғалған жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Qonaev.info

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Темір ауданында 13 маусым күні полиция бөлімдерінің біріне баласының жоғалғаны туралы әйел адам арызданған.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жәбірленуші мен досының арасында жанжал туындағанын анықтады. Жанжал кезінде 29 жастағы күдікті 25 жастағы досын монтировкамен ұрып, автокөлігіне тиеп, Ойық өзенінің жағасына апарып тастаған», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сізге қызықты болады