Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қапшағайда екі бала мен екі ересек адам суға батып кетті

Азамат Ахметов
Фото: Алматы облыстық ТЖД

Олардың бәрі туыс болған

Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасына шомылуға барған төрт адам суға батып кетті, деп хабарлайды Qonaev.info.

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 26 маусымда болған.

«Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында, «Голубой залив» аумағындағы шомылуға арналмаған жерде 1990 жылғы әйел, 1992 жылғы ер адам және 2007, 2010 жылдары туған екі бала төрт адам суға батып кетті. Ал 1954 жылғы әйел адам құтқарылды. Олардың бәрі туыс болған», -делінген ТЖД хабарламасында.

Белгілі болғандай, су қоймасында шомылу барысында толқын көтеріліп, екі ағайынды бала бата бастаған. Оларды ағасы, тәтесі және әжесі құтқаруға ұмтылған. Өкінішке қарай, тек әжесі ғана аман қалды.

ТЖД құтқарушылары екі бала мен ер адамның денесін судан алып шықты.

Алматы облысы әкімінің қаулысына сәйкес, Қонаев қаласында құтқарушылар кезекшілігі ұйымдастырылған 7 қалалық жағажай бар, сондай-ақ олар құтқару мұнараларымен және шомылу кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басқа да қажетті құралдармен жабдықталған.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан арнайы жабдықталған орындарда ғана суға шомылуды, жүзе алмасаңыз суға белден жоғары түспеуді, балаларды су жанында қараусыз қалдырмауды, су жанында демалу кезінде спирттік ішімдіктерді ішпеуді және толқындар мен дауылды ауа райында суға шомылмауды сұрайды.

Сізге қызықты болады