Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Талдықорғанда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Азамат Ахметов
Фото: inform.kz

Талдықорғанда қоқыс жәшігінен жаңа туған баланың денесі табылды.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, шақалақты аула сыпырушы тауып алған. Таңғы сағат 7:00-де 102 пультіне қоңырау келіп түсіпті.

"Бала Талдықорғандағы 17 шағын ауданның қоқыс жәшігінен табылды. Қыз бала. Шақалақтың кіндігі де кесілмеген,ақ орамалға ораулы болған. Қазір бала майітханада. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалады. Анасы іздестіріліп жатыр. Дәл осы аралықта жүкті болған әйелдер түгел тексеріледі",-деді Алматы облысының Полиция департаменті.  

Сізге қызықты болады