Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Павлодардан Атырауға шыққан жолаушылар автобусы аударылып кетті: жарақат алған жолаушылар көп

Азамат Ахметов

«Павлодар – Нұр-Сұлтан» тас жолының 139-шақырымында жолаушылар тасымалдаумен айналысатын автобус аударылып кетті деп хабарлайды Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, 40 жастағы жүргізуші көлік тізгінін игере алмай, жолдың жиегіне шығып кеткен.

«Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел медициналық көмек қызметкерлері жұмыс істейді. Медициналық көмекке 16 адам жүгінді», - делінген аталған хабарламада.

Автобус жеке компанияға тиесілі. Павлодардан Атырау қаласына вахталық әдіспен жұмысқа 29 адам мен екі жүргізуші жіберілген жолаушылармен шыққан.

Сізге қызықты болады