Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

Ұлытау облысында белгісіз індеттен 70-тен астам ірі қара қырылды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Ұлытау облысының Мибұлақ ауылдық округінде тараған індеттен 70-тен астам сиыр арам өлді.

Бүгінгі күні оларға ринотрахит және тейлериоз деген екі бірдей диагноз қойылып отыр. Қазіргі кезде ауыл әкімінің шешімімен шектеу шаралары енгізілген. Індет тараған жерде Қарағанды облысының эпизотияға қарсы жасақтары дизинфекциялық шаралар жүргізіп жатыр. Бүгінгі күні малға вакцина салынуда, араға 15 күн салып тағы ревакцинация жасалады. Осылайша 700-ден астам малға екпе егілмек. Атап өткен жөн, қырылған малдың басым бөлігі бір шаруа қожалығына тиесілі.

«Десе де тағы 3 шаруа қожалығынан бірді-екілі шығын бар», - дейді жергілікті мамандар.

 «Қазір республикалық эпизодотряд келеді. Осы ауру 30 күн бақылауға алынады. Егер мал өлген жағдайда созамыз. Күллі іс-шараларды атқарады. Дезинфекция, егеді, емдейді.  Эпизодотрядқа қандай іс-шаралар бекітеді,сол жерде атқарады. Барлығы мемлекет есебінен», - дейді ҚР АШМ Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Төлеген Рысбеков.
 

Сізге қызықты болады