Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Атырау облысында әкімнің кеңесшісі әйелін буындырып өлтіріп, өзі асылып қалған

Азамат Ахметов
Ақ Жайық

Атырау облысы Құрманғазы ауданында болған оқиға бүкіл ел тұрғындарының жағасын ұстатты. Аудандық әкімдіктің қызметкері – әкімнің кеңесшісі әйелін тұншықтырып өлтіріп, артынша өзіне қол салған деп жазады «Ақ Жайық» басылымы.

Полицейлерге ең бірінші болып марқұм келіншектің анасы шағымданып келген. Ол қызының үйіне кіре алмай жүргенін айтыпты.

«Әйелдің есікті аша алмай жатқанын көрдім. Ол ұзақ уақыт есікті қағып тұрды. Ешкім ашқан жоқ. Кейін полиция мен құтқарушылар келді. Есікті ашқан кезде ішінде екі адамның мәйіті жатқаны белгілі болды», - дейді көрші әйел.

Оның айтуынша, ерлі-зайыптының бірнеше баласы болған. Олар бұрын-соңды қатты ұрыспаған көрінеді. Кейде балалардың жылаған дауысы ғана естілетін дейді көршісі.

Ал, ер адам болса Құрманғазы ауданы әкімінің БАҚ бойынша кеңесшісі болған екен. Әлеуметтік желіде белсенді жұмыс жүргізген. Тіпті, Нұрсұлтан Назарбаевтан Алғыс хат алған.

Сізге қызықты болады