Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қарағанды облысында соғысты аңсаушылар бар ма?

Азамат Ахметов

Қарағанды облысының Саран қаласында ескерткіш ретінде тұрған танкке белгісіз біреу «Z» белгісін салып кеткен. Бұл туралы блогер Айсұлтан Жақпов өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Оның пікірінше, танкке «Z» белгісін салып кеткен адамды тауып, заң аясында жауапқа тарту керек. Оны тауып, ұстау қиын емес дейді ол. Өйткені, сол маңда бір емес бірнеше бейнебақылау камерасы орналасқан.

Айта кетейік, «Z» және «V» белгілерін Украинада соғысып жатқан Ресей қарулы күштері өздерінің символы ретінде қарастырады.

Әлеуметтік желідегі осынау жазбадан кейін танкке салынған белгі өшірілді.

Сізге қызықты болады