Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Қызымды неке түнінде күйеуі өлтірді»: Шымкентте Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі кісі қолынан қаза тапты

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімін айуандықпен өлтірген. Марқұмның анасының сөзінше, қызын күйеубаласы өлтірген. Полиция қызметкерлері күдіктіні табудың орнына, оның ата-анасын кешірім сұратуға жіберген. Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында жазды.  

Заңгер бұл қайғылы жайтқа тікелей ҚР Ішкі істер министрінің араласуын сұрап отыр.

«Жергілікті полиция басшысы Дәлібеков мырзаға айтылғанмен нәтиже болмайды. Дәлібеков мырзаға арнап үндеу жазсаң, жан-жақтан өзіңді қаралаған негатив посттар шыға бастайды. Көтерілген мәселемен емес, менімен күресіп кетеді…

Сол себепті өзіңізге шығуыма тура келіп тұр.

Жергілікті жердегі басшы өз жұмысын тияқнақты істесе, сізді артық мазаламас едім»,-деп жазды Айгүл Орынбек. 

Видеода қайтыс болған қыздың анасы Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшысына екі рет барғанын айтады. Ал өзін екі айдың ішінде бірде-бір рет тергеуге шақырмапты. Марқұмның анасы қызын өлтірген оның некелі жолдасы дейді. Ол алғашқы неке түні келіншекке қастандық жасаған деп отыр.

Шымкент қаласының полиция департаменті күдіктінің екі айдан бері әлі қолға түспегенін айтып отыр. Оған қазір халықаралық іздеу жарияланыпты.

"Аталған жайт ҚР ҚК-нің 106 бабының 3 бөлігімен СДТБТ-не тіркеуге алынған. Күдікті ретінде 1984 жылы туған азамат танылып, оған қатысты сырттай «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалып, іздеу жарияланған. 11.08.2022 жылы күдіктіге қатысты Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде",-деді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сізге қызықты болады