Атырауда жезөкшелікпен айналысқан 15 әйел ұсталды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Атырауда жезөкшелікпен айналысқан 15 әйел ұсталды.

Жезөкшелер қаладағы Стройконтора және Восток шағынаудандарындағы тұрғын үйлерден ұсталды. Бұл республика көлемінде өткізіліп жатқан «STOP-Трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жүзеге асты.

Іс-шара барысында интим массажымен айналысатын екі қызметкер анықталып, 15 жеңіл жүрісті азаматша есепке қойылды.

Қазіргі таңда притондар анықталған пәтер иелеріне қатысты жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 450 бабына сәйкес іс-құжаттар жинақталып жатыр.

Сізге қызықты болады