Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Шекарадан заңсыз өтпек болған Ресей азаматтары ұсталды

Азамат Ахметов

Шекарадан заңсыз өтпек болған Ресей азаматтары ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

«2022 жылғы 25 қыркүйекте Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты «Тобыл» бөлімшесінің шекара наряды жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерін айналып өтіп шекара бұзбақшы болған Ресей Федерациясының үш азаматын ұстады», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.

Шекара бұзушылар өз әрекеттерін Ресейде жүргізіліп жатқан ішінара жұмылдырудан қашпақ болғандарымен түсіндірді.

«Ұсталғандарға қатысты одан әрі жауап алу іс-шаралары жүргізілуде, оның нәтижесінде аталған адамдар ресейлік тарапқа беріледі. Қазақстанның шекаралық қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету мақсатында шекара күзеті мен өткізу пункттері бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін еске саламыз», - делінген хабарламада.

Сізге қызықты болады