Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

"Жалаңаш суреттеріңді жариялаймын": Қызылордада ер адам танысын бопсалаған

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Қызылордада қызды жалаңаш суреттерін жариялаймын деп бопсалаған ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Полицияға 29 жастағы бойжеткен досының әлеуметтік желілерде интимдік сипаттағы фотосуреттерін жариялаймын деп қорқытып, ақша талап еткенін хабарлаған.

Осы факті бойынша Қызылорда қаласының ПІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде облыстың 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (бопсалау).
 

Сізге қызықты болады