Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Жамбыл облысында мұғалімдер мектептің жөндеу жұмыстарымен айналысқан

Азамат Ахметов

Мектеп басшылығы ескертумен құтылды

Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Көкбастау ауылында Амангелді атындағы орта мектепте мұғалімдер еден сырлаумен айналысқан. Бұл туралы облыстық қоғамдың кеңестің мүшесі Исламбек Дастан мәлімдеді. Ол «Қоғамдық бақылау» жобасы аясында аталған оқу орнында болып, көзімен көрген жайтты видеокамераға түсіріп алған.

Қоғам белсендісі мектеп кабинеттерінің біріне кіргенде екі әйелдің еден сырлап жүргенін көреді. Олардан «жалдамалы жұмысшысыздар ма?» деп сұрағанда, екеуі де «жоқ» деп жауап берген. Белгілі болғаны, жұмыс істеп жүрген әйелдер осы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді екен.

Мектеп директорының міндетін атқарушы Бақыткүл Жидебаева болса мұғалімдердің тегін емес, ақшаға жұмыс істеп жатқанын айтып ақталды. Бірақ, тараптар келісімшартқа отырмаған, тек ауызша келісу арқылы жұмыс істеп жатқан көрінеді.

Исламбек Дастан бұдан өзге тағы бірнеше әйелдің жұмыс істеп жүргенін камераға түсіріп алған. Олар осы мектепте техперсонал болып жұмыс істейтінін айтты.

Белсендінің видеокамерамен жүргенін көрген мектеп қызметкері оған келіп, жұмыс істеп жүргендердің қатарында мұғалімдердің де, техперсоналдың да жоқ екенін айтып ант-су ішті.

Аталған видео әлеуметтік желілерде таралғаннан кейін облыстық Білім басқармасы мектеп басшысын жауапқа тартқанын мәлімдеді. Оның үстінен әкімшілік іс қозғалып, «ескерту» деген жаза тағайындалған.

Сізге қызықты болады