Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

Тараз қалалық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Тараз қалалық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаровқа қатысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін 1 млн теңге сомасында пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген Антикор хабарламасында.

Агенттік өкілдері ҚР ҚПК 201-бабының тәртібінде өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайтынын ескертті.

Сізге қызықты болады