Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Нұр-Сұлтанда полиция подполковнигі массаж жасатып, ақысына есірткі берген

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда Сарыарқа ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары сотталды, деп хабарлайды Qonaev.info.

15 маусымда Алматы ауданының № 2 аудандық соты полиция подполковнигіне қатысты есірткі заттарын  заңсыз сату және сақтау фактісі бойынша айыптау үкімін жария етті.

«Т. есімді азамат массаж қызметінің ақысының төлемі ретінде салмағы 2,1 г гашиш есірткі затын сатқаны (ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі), сондай-ақ салмағы 21,76 г «гашиш» есірткі затын ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін айыпталды (ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігі)», - делінген сот хабарламасында.

Сотталушының массаж қызметін алғаны үшін «гашиш» есірткісімен төлем жасағаны тергеу барысында дәлелденді. Сотта полиция подполковнигінің жас балалары бары ескерілді.

«Алайда өзі қабылдаған антты бұзған адамның қылмыстық құқықбұзушылық жасауы жағдайды ауырлататын мән-жай екені ескеріліп, Т. 5 жылға бас бостандығынан айырылды», -делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сізге қызықты болады