Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Аса ірі көлемде алаяқтық жасады»: Бағдат Мәнізоровтың күдікке ілінгені расталды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бағдат Мәнізоров «аса ірі көлемде алаяқтық жасады» деген күдікке ілінгені расталды, деп хабарлайды Qonaev.info КТК арнасына сілтеме жасап.

Негізі ақпарат өткен аптада тараған болатын. Бірақ Бас прокуратура енді ғана растап отыр. Экс-шенеунікке қатысты тергеуді де осы қадағалаушы орган жүрзігізіп жатыр. Деректерге қарағанда, Мәнізоровқа қатысты базар құрылысы бойынша арыз түскен. Шағымданушы өзіне 6 млн доллар шығын келгенін айтыпты.

Еске салайық, Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпарат 2019 жылы да шыққан болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оны пара алды деп ашық айтқан. Бірақ іс кейін жабылып тынған еді.

Сізге қызықты болады