Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ақмола облысында басқарма басшысы пара алғаны үшін 10 жылға сотталды

Азамат Ахметов
Фото: kazakh-zerno.net

Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаев пара алғаны үшін 10 жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жылдың 30 маусымында Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салумен ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Ол 2020 жылы серіктестіктерін көктемгі-күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін кепілдік берілген арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі оператор ретінде айқындауға жәрдем көрсеткені және жалпы қамқорлығы үшін коммерциялық ұйым өкілдерінен келісілген 30 000 000 теңгеден 13 847 430 теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкімді жария ету облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ұжымының қатысуымен өтті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.

Сізге қызықты болады