Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Түркістан облысында пара алған мектеп директорына үкім шықты

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Осы жылдың 21 шілдесінде Түркістан облысы Түлкібас аудандық соты Түлкібас ауданындағы Майлыкент жалпы орта мектебінің директоры Ақмарал Айсадықоваға қатысты айыптау үкімін шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті хабарлады.

Сот үкімімен оған 6 млн теңге айыппұл төлеу жазасы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салумен тағайындалды.

«А.Айсадыкова ағылшын тілі мұғалімінен жұмысқа орналастыру және жалпы қамқорлығы үшін 200 000 теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.
 

Сізге қызықты болады