Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

Астана медицина университетінің экс-проректоры парақорлық фактісі бойынша 3 жылға сотталды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Астана медицина университетінің экс-проректоры парақорлық фактісі үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qonaev.info. 

 «Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты үкімімен «Астана медицина университеті» КЕАҚ проректоры М. Дәулетьярова қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жеке компаниялардың басшысы Э. Гриценкодан электронды кітаптарды жеткізудегі жалпы қамқорлығы үшін 10 000 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін, сондай-ақ делдал М. Қапаров арқылы ректор лауазымына тағайындау үшін 47 000 АҚШ доллары сомасында пара беруге әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды», - делінген агенттік хабарламасында. 

Сот Гриценконы 3 жылға бас бостандығынан, делдал Капаровты 7 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады.
 

Сізге қызықты болады