Атырауда 1,5 млн теңге пара алған еңбек инспекторы сотталды

Азамат Ахметов
Фото: Zakon.kz

Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының инспекторы Мират Байменов 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айрылды.

Мират Байменов өндірістегі жазатайым оқиғаға қатысты тексеру фактісі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін, ЖШС өкілінен 1 млн 500 мың теңге көлемінде пара алған. 

«Атырау қаласының №2 сот үкімімен Байменов мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрыла отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ»,- делінген Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан ақпаратта.

Сізге қызықты болады