Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Тұлпар-Тальго» пойызының басшылары әр рейс сайын тексерістен өтпес үшін пара беріп отырған

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторингі агенттігінің елордалық департаменті «Экспресс» филиалының «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша учаскесінің бастығы мен оның орынбасарын «Тұлпар-Тальго» пойыздарының басшыларынан жүйелі түрде ақшалай сыйақы алу фактілерін анықтады. 

«Экспресс» филиалының «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының елордалық учаскесінің басшысы мен оның орынбасары тексеріс жүргізбегені үшін әр рейстен заңсыз ақша талап етіп, алып отырған. Барлығы 27 эпизод анықталды.

«Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс. Қазіргі уақытта аталған ұйымға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізілді»,-деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі.

Сізге қызықты болады