Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Сарапшы кабинетіне Назарбаевтың портретін іліп қоятын шенеуніктерді сынады

Азамат Ахметов
El.kz

Жуырда ғана бүкіл Қазақстан реформа арқылы Конституцияға өзгеріс енгізген болатын. Еуропалық құқық және адам құқықтары сарапшылық институтының директоры Марат Бәшімов бүгін ОҚК брифингінде осы өзгерістердің қалай жүзеге асатыны туралы айтып берді.

Сарапшының айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевты әліге дейін «Елбасы» деп атайтындар және оның портретін кабинетіне іліп қоятын шенеуніктер бар.

«Конституция – ең биік заң тұғыры. Рефорендум қабылданған күннен бастап басқаның барлығы күшін жояды. Елбасы туралы институт жоқ.Ертең заң қабылдау формальдық түрде өтеді. Ал референдум күнінен бастап сана сезім өзгеруі керек. Ал біздің шенеуніктердің төбесінде Елбасының портреті тұрады. Оны шешіп тастау керек. Заңгерлер ол Конституцияға сай келмейтінін айтады», - деді Бәшімов.

Ол сондай-ақ, Конституцияға сәйкес келмейтін атаулардың тізімін Бас прокуратураға бергенін мәлімдеді.

«Конституцияға сай емес терминдерді Бас прокуратура бақылап отыруы керек. Елбасы – Конституцияда жоқ термин. Егер бұқаралық шарада жазылса, прокуратура түсіндірме беруі керек. Себебі қазір мода болып кетті. Елбасының баспасөз қызметі хабарлады деп айтады. Бұл конституциялық түсінік емес. Сондықтан бұл жерде прокуратураның ұстанымы нақты болуы керек. 5 маусымнан бастап олар күшіне енеді. Ал заңдарды қабылдауды күтудің қажеті жоқ», - деді ол.

Сізге қызықты болады