Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

Мейіржан Төребаевты қамау мерзімі тағы ұзартылды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Mudaraban Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша танымал вайнер Мейіржан Төребаевты қамау мерзімі 17 қазанға дейін ұзартылды.

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

«17 қыркүйек күні тергеу сотының қаулысымен, сотқа дейінгі тергеу органдарының өтіші қанағаттандырылды. М. Төребаевқа қатысты кузетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы 30 тәулікке, яғни 17 қазанға дейін ұзартылды», - делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, 10 ақпанда қазақстандық танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексiнің 217-бабы («Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару») бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

11 сәуірде Нұр-Сұлтанда ҚР Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында қаржы пирамидасының қатысушысы өзін-өзі өртеп жіберді.   

18 тамызда Мейіржан Төребаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы 30 тәулікке – 18 қыркүйекке дейін ұзартылған болатын.

Сізге қызықты болады