Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Әнші Төреғали Төреәлі өзі соққыға жыққан гидпен татуласты

Азамат Ахметов

Әнші Төреғали Төреәлі алматылық гидпен татуласқанын Instagram парақшасында жазды.

«Адамзаттың тарихы тыйым еткен жемісті жеймін деп қателесіп, артынша бірден тәубесіне келген Адам атаның тарихынан басталмай ма? Біз де сол ашуланса да, шаттанса да, соңы немен бітерін болжай алмайтын, пайда, зиянды өлшей алмай қалатын пенденің біріміз. Сахнадан көрген адамын періштедей пәк санайтын қазақ халқының таза пейілі ғой.

Ал сол сахнадағы адамның пенделік кем-кетігін көрсе, қалған көңілі қатқан мұздай болатыны да баладай аңғалдығы емес пе? Халықтың көз алдында өскен адам болғандықтан әр әрекетіміз көпшіліктің назарында болып тұр ғой. Әйтпесе, қай ер азамат шекіспей жатыр? Кімнің аузынан эмоцияға берілген артық сөз шықпай жатыр? Қай қуыста кім төбелеспей жатыр?», - деп жазды әнші.

Орыстар келіп қалды деп пәтерді қымбаттатып, қаракөз қазақтарды қуып, пайда таппақшы болған арам пиғылдар секілді осы төбелесті де іске жаратып, рейтингімізді көтеріп алайық деген ниеттілердің де аз болмай тұрғандығы өкінішті.

«Адамның күнәсін айта бермеңдер. Күнәсін көргенмен тәубесін көрген жоқсыңдар» демекші, сіз бен біз сөз етіп жүрген біреудің айыбы Алланың алдында әлдеқашан кешіріліп кетуі мүмкін.

«Ер шекіспей, бекіспейді» деп Бекарыс бауырымызбен мәмілеге келдік.

Қарапайым адамға да, өнер адамына да ортақ республикамыздың заңымен құзырлы органдардың тексерісінен өтіп, ресми бітімге келдік. Сүрінгенде сүйеу болған, түңілгенде тіреу болған алаш жұртына көп рақмет», - деді әнші.

Ол бүгін Бекарыстың (гид-авт.) дүниеге келген күні екенін айтты.

«Ғұмырың ұзақ, өмірің берекелі болсын, інім.

Бір басың екеу болып, адал жар некең болып,

Келінді анаң көріп, тойыңды әкең көріп,

Әке болып ақ әжеңе шөбере әкеп беріп,

Сол тойда мен жүрейін бұйырса көкең болып», - деп әнші өз сөзін өлеңмен аяқтаған.

Еске салсақ, 29 қыркүйекте Төреғали Төреәлі Көлсайда гидті соққыға жықты деп айыпталды.

Кейін оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамалды. Алайда ол 10 млн теңге кепілақы төлеп, бостандыққа шықты.

Сізге қызықты болады