Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Сот шешімі әділ болды»: Назарбаев немере інісі Сатыбалдыұлына қатысты шыққан үкім туралы

Азамат Ахметов
Фотоколлаж

Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты шыққан сот үкіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды qonaev.info.

"Менің ойымша, сот шешімі әділ болды. Шешім әділ емес деп ойлайтын адам шағым түсіруі керек. Кез келген жағдайда бәрі сот арқылы шешілетін болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеуге қатысты да өз ойын айтты. 

Журналистер Назарбаевтан "Астанада Кәрім Мәсімовтің соты басталды. Бұл сіздің адамыңыз, сіз сот туралы не айта аласыз және егер ол расында кінәлі болса, оның артында кім тұрған болуы мүмкін?" деп сұрады. Бұл сауалға Назарбаев былай деп жауап берді:

"Бұл мәселе маған да қызық. Мен де тергеу мен соттың аяқталуын күтіп жүрмін. Оның артында кімнің тұрғаны белгісіз... кесіп айту қиын. Мәсімов менімен көп жылдар бойы жұмыс істеді, бірақ қайдан білесің? Иса Мәсих оның қасында отырған Иуданың сатқын екенін білді ме? Біз құдай емеспіз. Сондықтан соттың аяқталуын күтеміз", - деді ол.

Айта кетейік, бүгін «Астана Опера» театрындағы №393 учаскесіне ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дауыс беруге келді. 

Сізге қызықты болады