Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

Семейде жергілікті депутаттың әйелі 5,2 млрд теңгенің тендерін жеңіп алды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Ол бұған дейін «Абай Арена» спорт кешенінің құрылысында бас мердігер болған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында 150 орынға арналған оңалту орталығының құрылысына бөлінген 5 252 225 714 теңгені жергілікті депутаттың әйелі жеңіп алды деп жазады Orda.kz.

Мүгедектігі бар жандарға арналған орталықты салуға тапсырысты облыстық Құрылыс басқармасы берген. Нысан Семейдегі «Қарағайлы» тұрғын алабында орналасады.

Нысан 2 қабатты төрт ғимараттан, 3 қабатты бір ғимараттан және 2 қабатты екі өтпелден тұрады. Бас жоспарға сәйкес, аумақта оңалту орталығының бас ғимараты, кір жуатын бөлім, 5 автокөлікке арналған гараж, электрлі қазандық, демалуға арналған алаңдар, стол ойындарына арналған алаңдар, шағын футбол алаңшасы, гимнастика алаңы, автотұрақ және өзге де бөлімдер бар.

Құрылыс жүргізуге байқау 1 шілдеде аяқталған. Алайда, тендер жеңімпазымен келісімшарт мемлекеттік сатып алу порталына әлі ілінген жоқ. Ал, жеңімпаз ретінде «Фирма «Азия» ЖШС көрсетілген. Компанияның басшысы – Сәуле Досқожанова. Құрылтайшылардың қатарында оның күйеуі Әсемхан Досқожанов пен ұлы Дәулет Досқожанов та бар.

Айта кету керек, Әсемхан Досқожанов Семей қалалық мәслихатының депутаты. Ол сондай-ақ, ірі екі компанияның бас директоры.

«Фирма «Азия» ЖШС бұған дейін «коррупция ескерткіші» атанып үлгерген «Абай Арена» спорт кешенінің бас мердігері болған. Журналистер аталған кешенді салуда бюджеттің қыруар қаражаты талан-таражға түскенін жазған еді. Артынша Сәуле Досқожанова «журналистер өңірдегі тыныштықты бұзуға әрекет етті» деп ақталғандай болды.

Сізге қызықты болады