Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

847,2 млн теңге желге ұшты: Шымкентте этноауыл өртеніп кетті

Азамат Ахметов

Өрт қасақана қойылған болуы мүмкін

Шымкентте «Ескі қала» аумағында бой көтерген этноауылдың күлі көкке ұшты. 26 тамызға қараған түні кешен өртеніп кеткен деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Ал, белгілі заңгер, Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек болса аталған өрттің қасақана қойылған болуы мүмкін екенін айтады. Өйткені, дәл осы кешеннің қыруар қаражатқа салынуына байланысты қазіргі таңда Антикор жергілікті шенеуніктерді тексеріп жатқан көрінеді.

«Оттың жанғанын көріп, мына өрт қасақана жасалған деп баға берер едім. Қәзір Мәдениет басқармасында тергеп тексеру жүргізіліп жатыр. Осы жаққа кеткен ақшалардың есебін бермеу үшін де қойылуы мүмкін! Шымкент қаласының прокуратурасы бұл өртке жәй қарамау керек! Жақсылап қатаң тексеруді сұраймын», - деп жазды А.Орынбек өзінің Facebook-парақшасында.

Оның сөзінше, аталған кешеннің реконструкциясына 847,2 млн теңге жұмсалған.

Еске салайық, биыл Наурыз мерекесі Шымкентте карантиндік шектеулерге қарамастан тойланды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің жазуынша, мерекені тойлауға әкімдік 590 млн теңгедей қаражат жұмсаған. Ал, бұл уақытта еліміздің бас санитар дәрігері барлық өңірде той тойлап, жиындар өткізуге тыйым салған болатын.

Сізге қызықты болады