Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ақпараттық баннерлер, ас мәзірі, сыртқы жарнаманың бәрі бірінші қазақ тілінде жазылуы тиіс – Мәжіліс жаңа заңды бекітті

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Енді ана тілінің мәртебесі артады

Қазақстанда ақпараттық баннерлер, ғимараттағы маңдайшалар, сыртқы жарнама, тіпті мейрамханаларындағы ас мәзірі де бірінші қазақ тілінде жазылуы керек. Бүгін Мәжіліс депутаттары осындай жаңа заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қазақ тілінің мәртебесін арттыруға ғана емес, оның дұрыс қолданылуын көздейді.

«Қазір мемлекеттік тіл мәселесі әр қазақты алаңдатады. Әсіресе, біздің сайлаушыларды қазақ тілінің сыртқы жарнамаларда, ақпаратта қате жазылатыны алаңдатады. Тіпті, кейде қазақша мүлдем ақпарат ала алмайды. Сондықтан, осы жайтты ескере отырып нақты талаптар енгіземіз», - деді депутат Берік Әбдіғалиұлы.

Еске салайық, соңғы бірер жылда елімізде қазақ тілі мәселесі өршіп тұр. Мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап еткен тұрғындар наразылығын полицияға дейін барып айтуда.

Сізге қызықты болады