Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Үш бірдей орынбасары ұсталған Атырау облысының әкімі отставкаға кете ме?

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Өңір басшысы журналистердің сауалына жауап берді

Өткен аптаның аяғында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны туралы хабарланды. Антикор оның 4,5 млн теңге көлемінде пара алғанын айтып отыр. Хаменова мен Мәдениет басқармасының басшысы Рысқалиев Абай ескерткішін салушылардан осындай көлемде «откат» алған көрінеді.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы әкімінің екі бірдей орынбасары Нұрлан Таубаев пен Қайрат Нұрлыбаев та жемқорлық фактісімен ұсталған болатын. Олардың үстінен әліге дейін тергеу жүріп жатыр.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов егер аталған үш орынбасардың қылмысы дәлелденіп жатса міндетті түрде жұмыстан кетуге өтініш жазатынын мәлімдеді.

«Менің тек екі орынбасарым ұсталған, үшіншісі – Нұрлан Таубаев ұсталар алдында қызметтен кеткен. Қылмыс нақты жасады ма, жоқ па – мен айта алмаймын, құзырлы органдар анықтайды», - деді облыс әкімі.

Теги:
Сізге қызықты болады