Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қазақстанда келер жылдан бастап 11-13 жастағы қыздарға жатыр мойны обырына қарсы вакцина салынады

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда келер жылдан бастап 11-13 жастағы қыздарға жатыр мойны обырына қарсы вакцина салынады. Бұл туралы Алматы Онкологиялық орталығының онкогинекология бөлімшесінің меңгерушісі Райхан Өлмесханқызы «Basty bailyq» YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.

«Елімізде жатыр мойны қатерлі ісігін емдеу және басқа да қатерлі ісіктерді емдеу кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында емделеді. Қатерлі ісікті емдеуге кететін қаражат аурудың қаншалықты асқынғанына байланысты. 2022 жылы Ұлттық денсаулық кодексіне вакцинация бағдарламасы енгізілді. Ол тек ата-ананың рұқсатымен салынады. 2024 жылы жоспар бойынша вакцина келуі керек. Ол 11-13 жастағы балаларға тегін егіледі. Ал 13 жастан асқан қыздар, әйелдер вакцинаны ақылы түрде ала алады деп ойлаймын», - деді дәрігер.

Сізге қызықты болады